"Казанка орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

День знаний

День знаний

2026 жылдың 1 қыркүйегінде мектебімізде Білім күніне және жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Күздің алғашқы күні оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналар мен мектебіміздің қонақтарын бір шаңырақ астына біріктірді. Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттап, білім әлеміне, жаңа достар мен жарқын жаңалықтарға қадам басқан 1-сынып оқушылары үшін бұл күн ерекше әрі толқынысқа толы болды. 💐 Салтанатты жиынға қатысушыларға мектеп директоры Искакова Асемгуль Хұттыбайқызы, Казанка ауылдық округінің әкімі Сакенов Серик Амержанович жылы лебіздері мен құттықтауларын жеткізді. 🔔 Ал дәстүрлі алғашқы қоңырау жаңа оқу жылының басталуын, жаңа үміттер мен үлкен жетістіктердің символын айшықтады. Жаңа 2026–2027 оқу жылы әр оқушы үшін жаңа мүмкіндіктерге, жетістіктерге, жақсы кездесулер мен жарқын жеңістерге толы болсын! Мектебіміз әрдайым білім, достық, құрмет пен мейірімділік салтанат құрған білім ордасы болып қала берсін. ❤️ 🎓 Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы сәтті басталсын!

Записаться на прием