"Казанка орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

«РЕНЖІТПЕЙТІН ЖЫЛЫ МЕКТЕП» – МЕЙІРІМ МЕН ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК АЛАҢЫ

«РЕНЖІТПЕЙТІН ЖЫЛЫ МЕКТЕП» – МЕЙІРІМ МЕН ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК АЛАҢЫ

«РЕНЖІТПЕЙТІН ЖЫЛЫ МЕКТЕП» – МЕЙІРІМ МЕН ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК АЛАҢЫ Мектебімізде буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, оқушылар арасында достық қарым-қатынас пен өзара сыйластықты қалыптастыру мақсатында «Ренжітпейтін жылы мектеп» тақырыбында хакатон аясындағы іс-шара өткізілді. Іс-шараға 8-сынып оқушылары қатысып, ұйымдастыру мен жүргізу жұмыстарына мектеп парламентінің белсенді мүшелері атсалысты. Кездесу барысында оқушылар буллинг ұғымы, оның түрлері мен салдары туралы ой бөлісіп, қиын жағдайға тап болған құрдастарына қолдау көрсетудің маңыздылығын талқылады. Қатысушылар «Қолдау», «Сенім» және «Қамқорлық» топтарына бөлініп, топтық тапсырмалар орындады, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар анонимді сауалнама жүргізіліп, тақырыптық плакат әзірленді және оқушылар өз ойлары мен ұсыныстарын, алаңдаушылықтарын білдіре алатын «Сенім жәшігі» ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – әрбір оқушы өзін қауіпсіз сезінетін, бір-бірін құрметтейтін, қолдайтын және түсінетін мектеп ортасын қалыптастыру. Жылы мектеп – мейірімді жүректен, сыйластықтан және бір-бірімізге деген қамқорлықтан басталады! ❤️ 🌿 «ТЁПЛАЯ ШКОЛА БЕЗ ОБИД» – ТЕРРИТОРИЯ ДОБРА И ВЗАИМОПОНИМАНИЯ В нашей школе в рамках школьного хакатона состоялось мероприятие, направленное на профилактику буллинга и кибербуллинга, формирование доброжелательной атмосферы и культуры взаимоуважения среди учащихся. Участниками мероприятия стали учащиеся 8 класса. Организаторами и ведущими выступили активисты школьного парламента. В ходе встречи ребята обсудили, что такое буллинг, как распознать его проявления, почему важно не оставаться равнодушными к чужой беде и куда можно обратиться за помощью. Участники работали в группах «Поддержка», «Доверие» и «Забота», делились мнениями, предлагали идеи по созданию безопасной и дружелюбной школьной среды. Особое внимание было уделено анонимному анкетированию, созданию тематического плаката и организации «Коробки доверия», куда каждый ученик может обратиться со своими переживаниями, вопросами или предложениями. Главная мысль нашей встречи: школа без обид начинается с каждого из нас! Важно научиться слышать друг друга, поддерживать тех, кому трудно, уважать чувства окружающих и помнить, что доброта и взаимопонимание делают школьную жизнь лучше. Вместе мы можем создать школу, в которой каждый чувствует себя защищённым, услышанным и принятым!

Записаться на прием