«Суды үнемде – болашақ үшін сақта!» Мектебімізде «Суды үнемде – болашақ үшін сақта!» тақырыбында республикалық бірыңғай экосағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға судың тіршілік көзі ретіндегі маңызын түсіндіру, су ресурстарын тиімді пайдалану және табиғи байлықтарды қорғау қажеттілігі туралы түсінік қалыптастыру. Сынып сағаты барысында оқушылар су тапшылығы мәселесі, суды үнемдеудің жолдары және қоршаған ортаны қорғау туралы ой қозғап, өз пікірлерімен бөлісті. Түрлі тапсырмалар мен танымдық әңгімелер арқылы суды ысырап етпеудің маңыздылығын түсінді. Табиғаттың баға жетпес байлығы – суды қорғау әр адамның міндеті. Өйткені суды бүгін үнемдеу – болашақ ұрпақтың жарқын өміріне жасалған қамқорлық! 💙 Суды қадірлейік, табиғатты аялайық, болашақты бірге сақтайық!
Новости
«Суды үнемде – болашақ үшін сақта!»
Просмотров: 34





